Жаңалықтар

«Балаларды ерте дамыту институты» РММ ұйымдастыруымен өткен «Алғыс айту» күніне арналған «Барлығына рақмет» челленджіне бөбекжайымыздың №7 «Қарлығаш» мад тобының тәрбиеленушілері және тәрбиешісі Зейноллаева Гаухар Зейноллақызы, №9 «Күншуақ» мад тобының тәрбиеленушілері тәрбиешісі Момынова Эльмира Дулатбековна, №8 «Айгөлек» мад тобының тәрбиеленушілері тәрбиешісі Юсупова Менсулу Атабаевна қатысты. @balalardy_damytu_instituty #барлығынарақмет #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі

2025жылдың 28 ақпан күні қалалық мектепке дейінгі мекеме педагогтері арасында «Көркем сөз – көңіл ажары!» мәнерлеп оқу байқауы өтті. Бөбекжайымыздың дене шынықтыру маманы Боранбаева Акку Есмурзаевна қатысып, жүлделі І-ші орынды иеленді. Әріптесіміз Акку Есмурзақызын құттықтай отырып, толағай табыстар тілейміз! #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі

Консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 28 ақпан күні ата-аналарға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Дөңгелек үстел барысында тәрбиеші Кансултанова Нуржамал Хидиркожаевна ата-аналарға арналған «Жүректен жүрекке», «Мектепке дейінгі балалардың өмірінде анасы мен әкесінің рөлі» тақырыбында тренинг өткізді. Бөбекжайымыздың медбикесі Хонарова Айжан Дауылбаевна «Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау» тақырыбында баяндама оқып, ата-аналарға кеңес берді. Дене […]

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының баға жетпес мол мұрасын жас дарындардың санасына сіңіру және өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рухты дарыту мақсатында республика көлемінде ұйымдастырылған «Абай оқулары-2024» байқауына, №61 «Сұлтан» бөбекжайының №9 «Күншуақ», №8 «Айгөлек», №11 «Қызғалдақ» мад топтары және №10 «Ақбұлақ» ересек топ тәрбиеленушілері қатысып, жүлделі орын дипломдармен, ойыншықтармен, тәрбиеші Жалгасова К.Ж. «Абай жаққан бір […]

25.02.2025ж. №11 «Қызғалдақ» мад тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары кестесіне сәйкес «Қауіпсіз аттрациондар, ойын-сауық саябағында қалай әрекет ету керек?» тақырыбында балалармен әңгімелесу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: жазатайым оқиғалар мен жарақаттануды болдырмау мақсатында балаларға аттракциондар мен ойын-сауық саябағындағы қауіпсіз мінез-құлықтың қағидаларын үйрету. Гүлнұр Амантайқызы аттракциондардағы қауіпсіздіктің маңыздылығы туралы әңгімелесіп, аттракциондардағы қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын талқылады. 📌Жас пен бой […]

Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін бірыңғай білім мен тәрбие кеңістігін қалыптастыру мақсатында «Мектеп пен мектепке дейінгі ұйымдары арасында сабақтастық» тақырыбында №61 «Сұлтан» бөбекжай базасында, №28 жалпы білім беретін орта мектеппен біріккен облыстық семинар өтті. Семинарға аудан, қала мектептерінен 30 […]

25.02.2025ж. «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» атты республикалық акциясы аясында бөбекжайымызда «Өрт-қауіпті заттар» тақырыбында шара ұйымдастырылды. Шараға Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға анықтаушысы азаматтық қорғау аға лейтенанты С.Утемуратов, төтенше жағдайлар басқармасының тәлімгері азаматтық қорғау қатарындағы Нұрмұхан Рысбек Рүстемұлы және Теңелбаев Мади Саматұлы қатысып, №61 «Сұлтан» бөбекжайының тәрбиеленушілеріне, қызметкерлеріне өрттің қауіпті екендігі және өрт техникалары, видео […]

24.02.2025ж. №8 «Айгөлек» мад тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары аясында «Бейтаныс жерде қауіпсіз мінез-құлық» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті. Мақсаты: балаларға бейтаныс адам оларды алып кетуге тырысқан жағдайда дұрыс әрекет етуді, өздерін қорғап, көмек шақыруды үйрету. Меңсұлу Атабайқызы балаларға бейтаныс адам оларды алып кетуге тырысса, қалай әрекет ету керектігін түсіндірді. «Бейтаныспен кездесу» бейнеролигін қарап, негізгі қауіпсіздік қағидаларын талқылады. […]

24.02.2025. №6 «Ақжелкен» ересек тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары аясында «Абайлаңыз, терезе!» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: терезеден құлау жазатайым оқиғаларын болдырмау үшін балаларға пәтердегі қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын үйрету. Тәрбиеші ұйымдастырылған іс-әрекет барысында, балаларға терезелердің жанында сақ болудың маңыздылығы туралы түсіндірді. Терезе маңындағы мінез-құлық қағидаларымен таныстырды. 1-қағида: ешқашан ашық терезеге жақындауға болмайды. «Егер терезе ашық болса, […]

Қардың жауып тұрғанын бақылау, ауа-райына байланысты құбылыстарды түсіндіру, аязды күнде қар жеңіл болады, олар ауада би билегендей, жылырақ күнде қар ауырлау тартады- қалықтап жерге түседі, суық күнде қар ұшқындары жеделдеп жауады.