Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

25.02.2025ж. «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» атты республикалық акциясы аясында бөбекжайымызда «Өрт-қауіпті заттар» тақырыбында шара ұйымдастырылды.
Шараға Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға анықтаушысы азаматтық қорғау аға лейтенанты С.Утемуратов, төтенше жағдайлар басқармасының тәлімгері азаматтық қорғау қатарындағы Нұрмұхан Рысбек Рүстемұлы және Теңелбаев Мади Саматұлы қатысып, №61 «Сұлтан» бөбекжайының тәрбиеленушілеріне, қызметкерлеріне өрттің қауіпті екендігі және өрт техникалары, видео арқылы өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерін көрсетіп таныстырды. Оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын, сонымен қатар оның тілсіз жау екендігін, балаларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б. қатерлі заттардан аулақ болуға балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру керек екенін түсіндірді.
Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері С.Утемуратовқа, Н.Р.Рүстемұлына және Т.М.Саматұлына алғыс айтамыз!

@mangystau_tjd
#Бірыңғайөртқауіпсіздігікүні
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі