Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Автор: user

Бөбекжайымыздың №1 «Балапан» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Қалдыбай Инабат Азаматқызы, «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» қолдан жасалған бұйымдар байқауының облыстық кезеңінен жүлделі ІІ орынды иеленіп, байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. Тәрбиешісі: Алхамова Анаргуль Нургабыловна Құттықтаймыз!

Толығырақ

22.05.2025 жылы «Оқушы орталығы» КММ базасында Маңғыстау облысы білім басқармасының «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен өткен «BabySkills-2025» қалалық чемпионатының жабылу салтанаты өтті Шара барысында қатысушылардың еңбегі жоғары бағаланып, №61 «Сұлтан» бөбекжайының педагогтері арнайы дипломдармен марапатталды. Ал тәрбиеленушілер медаль және дипломдарға ие болып, өз жетістіктерімен қуантты. Бұл чемпионат балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, еңбекке баулуға […]

Толығырақ

2025 жылдың мамыр айының 22-23 күндері бөбекжайымыздың мектепалды топтарының бүлдіршіндеріне қоштасу ертеңгіліктері өтті. Мерекеге көптеген кейіпкерлер келіп, балалармен ойын ойнап, би билеп, ән шырқап, түрлі тапсырмаларды орындады. Кіші топ бүлдіршіндері келіп түлектерді құттықтап, тілектерін тіледі. Балалар қоштасу вальсін билеп, бөбекжай қызметкерлеріне алғыстарын айтты. Ата-аналар да өз тарапынан бөбекжай ұжымына жақсы тілектерін айтып, алғыс білдірді. №61 […]

Толығырақ

21.05.2025жылы «Оқушы орталығы» КММ базасында Маңғыстау облысы білім басқармасының «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен мектепке дейінгі балалардың кәсіптік бағдарын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және болашақ мамандықтарға қызығушылығын арттыру мақсатында «BabySkills-2025» қалалық чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Шараға №61 «Сұлтан» бөбекжайының педагогтері мен тәрбиеленушілері 6 құзыреттілік бойынша қатысты. 1. «Киім дизайнері» — Қажымұқан Айханым Мейрамбекқызы, […]

Толығырақ

№61 «Сұлтан» бөбекжайында 19.05 — 21.05.2025ж. аралығында, барлық топтарда оқу жылының қорытынды ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты: 2024–2025 оқу жылы барысында жүргізілген тәрбие-білім беру жұмыстарының қорытындысын жасау, балалардың жыл бойындағы даму жетістіктерін ата-аналармен талқылау, әрі ата-аналармен өзара тиімді байланыс орнату. Жиналыс барысында бір жыл бойы атқарылған жұмыстар мен ұйымдастырылған іс-шаралар туралы мәлімет берілді. Тәрбиешілер балалардың жыл […]

Толығырақ

Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні №61 «Сұлтан» бөбекжайының, №7 «Қарлығаш» мад, №11 «Қызғалдақ», №8 «Айгөлек», №9 «Күншуақ», мад топтарының бүлдіршіндері, мектепке деген қызығушылығын арттыру, болашақ оқу ортасына бейімдеу, мектепке психологиялық дайындықты қалыптастыру және оқу-білімге деген оң көзқарасты дамыту мақсатында, үлкен өмірге алғашқы қадам жасап, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектебіне саяхат жасады. Балалар […]

Толығырақ

2025 жылдың 13 мамыр мен 16 мамыр аралығында бөбекжайымыздың барлық топтарында оқу жылының қорытынды іс-әрекеттері өткізілуде. Мақсаты: балалардың жыл бойы меңгерген білім, білік және дағдыларын саралап, жетістіктерін көрсету, олардың шығармашылық қабілеттері мен жеке даму деңгейлерін бағалау. Қорытынды іс-әрекеттер қызықты, мазмұнды әрі балалардың белсенді қатысуымен өтті. Әр топ өз ерекшелігіне сай білім беру салаларын қамтыған жобалар, […]

Толығырақ

“Thrive by Kazakhstan” мобильді қосымшасын қалай қолдануға болады? 1. Қосымшаны жүктеп алыңыз: Смартфоныңыздан Play Market немесе App Store қосымшасына кіріп, “Thrive by Kazakhstan” деп іздеңіз. Қосымшаны тегін жүктеп алып, орнатыңыз. 2. Баланың мәліметтерін енгізіңіз: Қосымшаны алғаш ашқанда, балаңыздың туған күнін енгізіңіз. Бұл жүйеге баланың жасына сай мазмұнды ұсынуға мүмкіндік береді. 3. Күнделікті кеңестерді қолданыңыз: Қосымша […]

Толығырақ

«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік ұмытылмайды! Мәңгілік тағзым!» атты қалалық флешмоб байқауы өтті. Байқауға біздің бөбекжай ұжымы да белсене қатысып, ата-аналар, педагогтер және тәрбиеленушілердің қатысуымен әсерлі флешмоб ұсынды. Шара барысында қатысушылар «Катюша» әнінің қазақша […]

Толығырақ

8.05.2025ж. Бөбекжайымызда 9 мамыр – Жеңіс күніне орай, бөбекжайішілік «Менің елім – Қазақстан» атты патриоттық ән байқауы өткізілді. Байқауға кіші, ортаңғы, ересек және мектепалды даярлық топтарынан барлығы 12 тәрбиеленуші қатысты. Балалар Отанға деген сүйіспеншілігін ән арқылы жеткізіп, өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталды. Байқау бүлдіршіндердің бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, өнерге деген қызығушылықтарын арттыра түсті. […]

Толығырақ