№61 «Сұлтан» бөбекжайында 19.05 — 21.05.2025ж. аралығында, барлық топтарда оқу жылының қорытынды ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: 2024–2025 оқу жылы барысында жүргізілген тәрбие-білім беру жұмыстарының қорытындысын жасау, балалардың жыл бойындағы даму жетістіктерін ата-аналармен талқылау, әрі ата-аналармен өзара тиімді байланыс орнату.
Жиналыс барысында бір жыл бойы атқарылған жұмыстар мен ұйымдастырылған іс-шаралар туралы мәлімет берілді. Тәрбиешілер балалардың жыл бойы нені меңгергені, қандай білім, дағдыларды игергені жайында ата-аналарға жан-жақты баяндап берді. Әр баланың жетістігі мен дамуы жеке қарастырылып, топтың жалпы даму деңгейі айтылды. Ата-аналар жылы пікірлерін білдіріп, өз ризашылықтарын жеткізді.
Жиналысқа қатысып, белсенділік танытқан барша ата-аналарға үлкен алғысымызды білдіреміз!
Сіздердің қолдауларыңыз бен серіктестіктеріңіздің арқасында балаларымыздың тәрбиесі мен дамуына бірлесе үлес қосудамыз.
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы