Автор: user

2024 жылдың 6 желтоқсан күні №61 «Сұлтан» бөбекжайының жылдық жоспарына сәйкес, барлық топтар арасында, балаларды қазақ ертегілері арқылы адамгершілік, имандылық қасиеттерін бойына дарыту, баланың бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндерді сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйрету мақсатында «Ертегілер әлеміне […]

6.12.2024ж. №61 «Сұлтан» бөбекжайының директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Нуржаубаева Маржангул Кайргалиевна мекеме қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы видеороликтер көрсетті. #сыбайласжемқорлыққажолжоқ #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі

29.11.2024 жылы №61 «Сұлтан» бөбекжай базасында «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру мақсатында, Ақтау қаласының жол картасы негізінде, үштік одақ арасында әлеуметтік-серіктестік жұмыстарының жоспары бойынша, «Мектепке дейінгі ұйым және колледж арасындағы сабақтастықты нығайту» тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинар-практикумға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектептің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бектилеуова Зауре Кузенбаевна […]

Ата аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті 14 кеңес: 1) Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек. 2) Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз. 3) Балаңызды тыңдауды үйреніңіз, шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз. 4) […]

Консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес №7 «Қарлығаш» мектепалды тобының тәрбиешісі Жанабаева Куралай Абылаевна, Ургенчбай Амирханның анасына «Кітаппен жарқын әлемге» тақырыбында әңгімелесу ұйымдастырды. Құралай Абылаевна, бала кітап оқуды әдетке айналдыру үшін төмендегі кеңестерді ұсынды. 1. Ата-аналар балаларына кітапты күніне 10-15 минут дауыстап оқуы керек, кітаптағы суреттерді талқылап, кітап жайлы пікірлерімен бөлісуі керек. Мүмкіндігінше, оқыған кітаптарыңыз туралы балаларыңызбен жиі […]

Консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес, ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңірудің бір жолы-халқымыздың бай ұлттық мұрасын, оның ішінде ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында дене шынықтыру маманы Боранбаева Аққу Есмырзақызы ата-анаға «Бестемше» ұлттық ойынын таныстырды және қалай ойнау керектігін көрсетті. Ойынның басты маңызы-баланың ойлау жүйесін дамытатынын айтып түсіндірді. «Бестемше» ұлттық ойыны танымдық ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамытуға, ұсақ […]

Консультациялық пункттің жұмыс жоспары бойынша ағымдағы жылдың 25 қараша күні ата-аналардың өтініші бойынша консультациялық көмек берілді. Логопед маманы Кумисбаева Н.С. «3 жастағы балалардың сөйлеуін дамыту бойынша ата-аналарға жалпы ұсыныстар» атты кеңес беріп, ата-ананың сұрақтарына жауап берді.

13.11.2024ж. «Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, спортты дамыту және салауатты өмір салтын ұстану мақсатында, мемлекеттік қызметкерлер арасында флорбол (зал хоккейі) жарысы өтті. Жарысқа Ақтау қаласының Мемлекеттік қызметкерлерінен құралған 6 команда қатысты. «Балабақша» құрама командасының атынан үздік ойын ойнап көрсеткен №61 «Сұлтан» бөбекжайының тәрбиешілері Жанабаева Куралай Абылаевна және Олжабай Гүлнұр […]

28.11.2024ж. №61 «Сұлтан» бөбекжайында №2 Педагогикалық кеңесі өткізілді. Тақырыбы: «Бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды пайдалану» Педагогикалық кеңесте келесі мәселелер қаралды: ● Күзгі қорытынды іс-әрекеттерді талдау. ● «Бала тәрбиесінде халықтық ұстанымдар» тақырыбында баяндама ● «Ата – анамен бірлескен жұмыс — бала тәрбиесінің басты құралы» дөңгелек үстел ● «Ою – өрнек сырлары» шығармашылық шеберхана