2024 жылдың 6 желтоқсан күні №61 «Сұлтан» бөбекжайының жылдық жоспарына сәйкес, барлық топтар арасында, балаларды қазақ ертегілері арқылы адамгершілік, имандылық қасиеттерін бойына дарыту, баланың бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндерді сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйрету мақсатында «Ертегілер әлеміне саяхат» атты сахналық көрініс өтті.
Сахналық қойылым барысында №1 «Балапан», №4 «Ақбота» ортаңғы топтары «Бауырсақ»;
№2 «Құлыншақ» ортаңғы, №3 «Балбөбек» кіші топтары «Шалқан»;
№5 «Түймедақ» ересек «Түлкі мен қоян»;
№6 «Ақжелкен» ересек «Алма»;
№7 «Қарлығаш», №9 «Күншуақ» мад топтары «Үйшік»;
№8 «Айгөлек» мад, №10 «Ақбұлақ» ересек топтары «Шалқан»;
№11 Қызғалдақ» мад тобы «Мақта қыз бен мысық» ертегілерінен сахналық қойылымдар көрсетті.
Келешекте балалар өз бойынан ертегідегі жағымды кейіпкерлердің жақсы қасиеттерін көре отырып, өз бойларына сіңіреді деген ниеттеміз.
Сахналық қойылым көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады.
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы