22.01.2025ж. №9 «Күншуақ» мад тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары аясында «Көшедегі қауіпті орындар» (ашық люктер, қаңырап қалған ғимараттар, септиктер, құрылыс алаңдары, гараждар) тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Балаларға көшедегі қауіпті орындарды білуге және жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін өзін қалай дұрыс ұстау керектігін үйрету. Балаларға қауіпті орындардағы қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын үйрету.
Тәрбиеші ұйымдастырылған іс-әрекет барысында, балаларға көшеде қауіпсіздік қағидаларын сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. Көшедегі қауіпті орындарды слайд арқылы көрсетіп таныстырды. Ашық люктерге ешқашан жақындамау керектігін, құлап кетіп, қатты жарақат алулары мүмкін екенін түсіндірді. Егер ашық люкті көрген жағдайда, ересек адамға айтып немесе (112) құтқару қызметіне қоңырау шалу керектігін үйретті.
Қаңырап қалған үйлерге немесе ғимараттарға кіруге болмайтынын, құрылыс алаңдарында ойнауға болмайтынын, гараждардың жанында, әсіресе олар жабық болса және ішінде ешкім болмаса, ойнауға болмайтынын, гараждарда қауіпті құралдар немесе химиялық заттар бар болуы мүмкін екенін слайд арқылы түсіндіріп, әңгімелесу жүргізді.
Балалар бұл орындардың неге қауіпті екенін және дұрыс іс-әрекет жасамаған жағдайда салдары қандай болатындығын түсінді.
Тәрбиеші: Дәуітқызы Арайлым
#жекеқауіпсіздік
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі