22.01.2025ж. №5 «Түймедақ» ересек тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары аясында «Өзің туралы негізгі ақпаратты есте сақтаймыз» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті.
Мақсаты: Балаларға төтенше жағдайда ақпаратты бере алуы үшін үй мекенжайы мен ата-анасының телефон нөмірлерін есте сақтауды және дұрыс айтуды үйрету.
Тәрбиеші ұйымдастырылған іс-әрекет барысында, балаларға үй мекенжайы мен ата-ананың телефон нөмірлерін білу неліктен маңызды екенін түсіндірді.
Егер бала жоғалған немесе көмекке мұқтаж болған жағдайда, бұл ақпарат қалай көмектесетіні туралы айтты. Мейрамгүл Ахангалиевна балаларға үйдің мекенжайын және ата-аналарының телефон номерлерін есте сақтауды үйретті. Ұйымдастырылған іс-әрекет «Телефон» ойынымен жалғасты. Балалар үй мекенжайы мен ата-анасының телефон нөмірлерін білудің маңыздылығын түсінді және есте сақтап, дұрыс айтуды үйренді.
Тәрбиеші: Сапаргалиева Мейрамгүл Ахангалиевна
#жекеқауіпсіздік
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі