Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

№7 «Қарлығаш» мад тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары аясында «Адасып кеткен жағдайда мен не істеу керекпін?» тақырыбында түсіндіру, таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Балаларға адасып кеткен жағдайда дұрыс әрекет етуді үйрету. Адасып кеткен жағдайда көмектесетін негізгі кеңестермен таныстыру, орнында қалудың маңыздылығын түсіндіру. 
Тәрбиеші балаларға адасып кеткен жағдайдағы қарапайым кеңестермен таныстырды.
1️⃣ кеңес. Орныңда тұр, егер адасып кетсең, ең бастысы – орныңда қалу. Бұл ата-анаңның сені тез табуына көмектеседі.
2️⃣ кеңес. «Анашым, әке» деп қатты дауыстап, айналаға мұқият қара.
3️⃣ кеңес. Егер телефон болса, ата-анаңа қоңырау шалып, тұрған жеріңді айт (немесе айналаңдағы нәрселерді сипатта). Телефон жоқ болса, ересек адамнан қоңырау шалуды өтін. Егер анаңның, әкеңнің телефон нөмірін білмесең, біреуден полицияға қоңырау шалуды өтін. Егер формадағы полицейді көрсең, оған барып, адасып кеткеніңді айт.
4️⃣ кеңес. Егер көшеде, саябақта адасып кетсең, қауіпсіз жер тауып, сонда кір. Мысалы, жақын жердегі дүкен. Сатушыға немесе күзетшіге жақында. Адасып кеткеніңді айтып, көмек сұра.
5️⃣ кеңес. Бейтаныс адамдарға еріп кетпе. Ешқашан бейтаныс адамдармен бірге кетпеңіз, тіпті олар көмектесуді ұсынса да. Жақын маңдағы кез келген дүкенге барып, күзетшіден немесе сатушыдан полицияға қоңырау шалуын сұраңыз немесе адам көп жиналған,  жарық жерге тез барып, өтіп бара жатқандардан полиция шақыруын сұраңыз.

Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балаларға кімге сенуге болатыны туралы айтып, ата-анасына, мұғалімдерге және полицияға сене алатыны туралы түсіндірілді және өзін ыңғайсыз сезінсе немесе оған қауіп төнсе, осы адамдардан көмек сұрауға болатыны туралы үйретілді.

Тәрбиеші: Зейноллаева Гаухар Зейноллақызы

#жекеқауіпсіздік
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі