Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

19.12.2024ж. №11 «Қызғалдақ» мад тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары аясында «Жедел қызметтерге қалай қоңырау шалуға болады?»
«Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті.
Мақсаты: тәрбиеленушілерге жедел қызметтердің, байланыс орталықтарының телефон нөмірлерін есте сақтауды және қажет болған жағдайда дұрыс пайдалануды үйрету.

Тәрбиеші К.Ж.Жалгасова балаларға қандай жағдайларда жедел қызметтерге, байланыс орталықтарына қоңырау шалу керектігін, өрт сөндірушілер, полицейлер, медицина қызметкерлері және  олардың адамдарға қалай көмектесетіні туралы түсіндірді.
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балалар жедел қызметтерге қоңырау шалу маңыздылығын түсінді және топта сюжеттік-рөлдік ойынын ойнады.

Тәрбиеші: Жалгасова Кундыз Женгисовна