Жазғы сауықтыру жұмыстарының жоспарына сәйкес, 16 маусым мен 20 маусым аралығында бөбекжайда «Жаз да келді, көңілді!» атты апталық ұйымдастырылды. Апталық барысында барлық топтарда жаз мезгілі және жаздағы ауа райы туралы әңгімелесу жұмыстары жүргізіліп, балалардың маусымдық ерекшеліктерді тануына мүмкіндік жасалды. Балалар жаз туралы өлеңдер оқып, құм мен сумен әртүрлі ойындар ойнады. «Құм мен су» тәжірибесі арқылы зерттеушілік қабілеттері мен қызығушылықтары қолдау тапты. Құмнан әртүрлі қалашықтар құрастырып, саусақпен құм бетіне суреттер салды. Бұл іс-әрекеттер балалардың ұсақ моторикасын дамытып, шығармашылық ойлауына әсер етті. Сонымен қатар, табиғаттағы еңбек әрекеттері де назардан тыс қалмады. Балалар ауладағы тастарды жинап, айналаны тазартуға атсалысты. Апта бойы тәрбиеленушілер сюжетті-рөлдік, дидактикалық және қимылды ойындар арқылы белсенді қозғалысқа түсіп, сергек көңіл-күймен уақыт өткізді.
Апталық мазмұнды, қызықты әрі тәрбиелік мәнге толы болды. Балалар үшін жазғы демалыстың көңілді сәттері есте қаларлықтай ұйымдастырылды.
«Жаз да келді көңілді» апталығы
