Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылдың 23 мамыр күні Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Балажан: ата-аналардың еріктілік қызметі» науқанының іс-шаралар жоспарына сәйкес, №61 «Сұлтан» бөбекжайының тәрбиеленушісі Ажіқабыл Томиристың анасы Алпанова Айнур Жумановна өзінің қызмет орны «Жарқын» медицина орталығына №4 «Ақбота» ортаңғы тобының тәрбиеленуші қыздарына саяхат ұйымдастырды.
Мақсаты: Қолайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету, ата-аналар мен педагогтар арасындағы тығыз өзара іс-қимылды жандандыру.

«Жарқын» медицина орталығында біздің кішкентай бүлдіршіндерді жарқын жүзді дәрігерлер мен жайдарлы медбикелер күтіп алды.
Ата-ана Айнур Жумановна балаларға өзінің кәсіби дағдылары немесе хоббиымен бөлісіп медицина саласы бойынша шеберлік сағатын өткізді.
Саяхат барысында денсаулығың мықты болу үшін не себепті дұрыс тамақтануға, дәрігердің кеңесіне құлақ асуға,  спортпен шұғылдануға көңіл бөлу керек екенін түсіндіріп айтты.
Бөбекжай тәрбиеленушілерін тәрбиелеуге журдемдескені, «Ата -аналардың еріктілік қызметі» науқанына жеке қатысқаны және бірлескен ынтымақтастығы үшін Айнур Жумановнаға алғыс айтамыз!
#балажан
#жолкартасыақтау
#оқуәдістемелікорталығы
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Ұлттыққұндылықтар
#Ақтауқалалықбілімбөлімі
#ұлттықбаяндамамаңғыстау