№61 «Сұлтан» бөбекжайының бейнелеу өнері маманы Садыбекова М.Н. 13 мамыр күні, ашық есік күніне орай ата-аналарға арналған «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» тақырыбында шебер сынып өткізді.
Мақсаты: Бөбекжай мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Шебер сынып барысында бөбекжай психологы Ж.Батырбаева ата-аналармен танысу тренингін және ойын өткізді. Бейнелеу өнері маманы М.Нұрланқызы ашық есік күніне келген аналарға ши тоқу және алаша тоқу технологиясымен, асық, киіз басу технологияларымен таныстырып, шебер сынып жүргізді.
Соңында қорытынды жасалып, ашық есік күніне келген аналар пікірлерімен бөлісіп, шебер сынып өте жақсы деңгейде өткендігін айтып алғыстарын білдірді.
#жолкартасыақтау
#оқуәдістемелікорталығы
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Ұлттыққұндылықтар
#Ақтауқалалықбілімбөлімі
#ұлттықбаяндамамаңғыстау