Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

8.07-12.07.2024ж. аралығында жазғы сауықтыру -шынықтыру шараларындағы жоспары бойынша «Ұлттық ойындар» апталығы өткізіліп, апталықтың қорытындысы ретінде барлық топ балаларының қатысуымен «Ұлттық ойындар әлемінде» тақырыбында ойын-сауық шарасы өтті.
Мақсаты: Балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын, икемділіктерін арттыру. Бір-біріне деген құрмет, жеңуге деген ұмтылысты дамыту . Ой -өрісін дамытып, үйлесімін жетілдіру.

Балалардың қимылын, дене белсенділігін, коммуникативтік, танымдық дағдыларын дамытуда ұлттық ойындардың маңызы зор.
Ойын -сауық шарасы екі топқа бөлініп жарыс ретінде өтті. Саққұлақ пен Желаяқ келіп, бүлдіршіндермен түрлі ұлттық ойындар ойнап, би билеп, балалардың көңіл-күйлері қуаныш пен бақытқа толып, мерекені көңілді аяқтады.

#жазғысауықтыру
#жолкартасыақтау
#Ұлттыққұндылықтар
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#оқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқалалықбілімбөлімі