«Жеке қауіпсіздік» іс-шаралар кестесіне сәйкес, балалардың тәртіп пен тәрбиеге деген көзқарасын қалыптастыру, бірлескен жұмыс барысындағы мәдениетті мінез-құлыққа баулу мақсатында №9 «Күншуақ» мад тобында тәрбиеші Момынова Эльмира Дулатбековна «Ұйымдастырылған іс-әрекет кезіндегі мінез-құлық қағидалары» тақырыбында танымдық іс-әрекет өткізді.
Балаларға ұйымдастырылған іс-әрекет кезінде тыңдау мәдениеті, сөйлеу әдебі, қол көтеріп жауап беру, досына кедергі жасамау, тәртіп сақтаудың маңыздылығы жайында түсініктер берілді. Балалар жағдаяттар арқылы дұрыс және бұрыс әрекеттерді ажыратып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Тәрбиелік ойындар мен әңгімелер арқылы алған білімдерін бекітті.
Бұл ұйымдастырылған іс-әрекет балалардың бірігіп әрекет ету дағдыларын, әдептілік пен ұқыптылықты, сондай-ақ тәртіптілікке бейімділігін арттыруға бағытталды.
#жекеқауіпсіздік
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі