Қазан айының 8 күні бөбекжайымыздың жылдық жоспарына сәйкес, педагогтердің белсенділігіне қозғау салатын шығармашылық, жаңашылдық қабілеттерін шыңдау, педагогикалық идеяларды ортаға салу арқылы дидактикалық ойын құралдарын түрлендіру мақсатында «Үздік дидактикалық ойындар» бөбекжайішілік байқауы өтті.
Байқауға барлық бөбекжай педагогтері қатысты. Олар өз тәжірибесінде қолданатын дидактикалық ойындар материалдарын жинақтап, жұмыстарын презентация жасап қорғады.
Бөбекжай директоры Тыныштық Қалниязқызы ұсынылған жұмыстарға жеке-жеке тоқталып, білім берудегі жаңа технологияларды пайдалану, үздік дидактикалық материалдарды анықтау бойынша әрбір педагогке кері байланыс беріп, педагогтердің әрі қарай дамуына қажет дағдыларды атап өтті. Алдағы уақытта да жұмыстарын одан әрі жинақтап, бірлестікте қарап, өз тәжірибелерінде кеңінен қолданып, дидактикалық ойындар қорын молайту ұсынылды. Байқау соңында жеңімпаздарды номинациялармен марапаттады.
Бөбекжайымыздың қазақ тілі маманы Туметова А.К. «Жаңашыл педагог», бейнелеу өнері маманы Садыбекова М.Н. «Жаңашыл педагог», тәрбиешілер Юсупова М.А. «Шығармашыл педагог»,Алхамова А.Н. «Ізденімпаз педагог», Олжабай Г.А. «Шебер педагог», Момынова Э.Д. «Заманауи педагог», Жанабаева Қ.А. «Шығармашыл педагог», Дәуітқызы А. «Жаңашыл педагог», Сарсенова С.М. «Шебер педагог», Жалгасова К.Ж. «Жаңашыл педагог» номинацияларымен марапатталды.
Құттықтаймыз!
#жолкартасыақтау
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі