Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары аясында, балалардың тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін меңгеруіне ықпал ету мақсатында №7 «Қарлығаш» мад тобының тәрбиешісі Жанабаева Куралай Абылаевна «Үйдегі қауіпті заттар» тақырыбында танымдық іс-әрекет ұйымдастырды.
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балалар үй жағдайында кездесетін электр құралдары, өткір және сынғыш заттар, дәрі-дәрмектер, ыстық заттар сынды түрлі қауіпті дүниелермен танысты. Қауіп төндіруі мүмкін заттарға жақындамау, оларды өздігінен пайдаланбау қажеттігі жайлы түсінік берілді. Тәрбиеші балалармен бірге жағдаяттар шешіп, суретпен жұмыс жасап, «Қауіпсіздік бұрышы» ойынын ұйымдастырып, балалардың қауіпсіз мінез-құлық туралы білімдерін бекітті. Бұл іс-әрекет тәрбиеленушілердің сақтық, жауапкершілік, байқампаздық қасиеттерін дамытуға зор ықпал етті.

#жекеқауіпсіздік
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі