Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

28.03.2025ж. №9 «Күншуақ» мад тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары кестесіне сәйкес «Үйдегі қауіпті заттар» тақырыбында балалармен әңгімелесу, түсіндіру, жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: балаларға үйдегі қауіпті заттарды тануды және жазатайым оқиғалар мен улануды болдырмау үшін дұрыс әрекет етуді үйрету.
Тәрбиеші А.Дәуітқызы балаларға үйде қандай заттар қауіпті болуы мүмкін екенін және олардың жанында қалай дұрыс әрекет ету керектігін түсіндірді. Олардың өмірі мен денсаулығы үшін үйде қауіпсіздік қағидаларын сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімелесу жүргізді.
Үйдегі қауіпті заттар туралы балаларға видеоролик және балалардың ата-анасымен дайындаған бейнебаяндары арқылы көрсетті.
Дәрі-дәрмектер, тұрмыстық химия, газбаллондар олар қауіпті. Дәрі-дәрмектерді тек ересектердің нұсқауымен қабылдау керек, дәрілерді ешқашан өздігінен алмау, тіпті олар кәмпитке ұқсаса да дәмін көрмеу керек екенін айтты. Жуу құралдары, ағартқыштар, тазалау құралдары және басқа тұрмыстық химикаттар өте қауіпті болуы мүмкін екенін және ешқашан тұрмыстық химияны ересек адамдарсыз ашып, қолданбау керектігін түсіндірді.

Тәрбиеші: Дәуітқызы Арайлым

#жекеқауіпсіздік
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі