Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

15 қараша — Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні және елдің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл күні 1993 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы — теңге алғаш айналымға енгізілді. Ұлттық валютаның дамуы қысқа мерзімде — бір жылдың ішінде жасалды. Соған қарамастан, теңгенің сапасы жоғары. Бүгінде теңге ұлттық валюта ретінде елде берік орныққан.

Барлық Қазақстандықтарды, жерлестерімізді, қаржы жүйесінің қызметкерлерін — Ұлттық валюта күнімен құттықтаймыз!
Еліміздің валютасы күннен күнге нығайып, әрбір отбасына молшылық пен құт-береке әкелсін.

Ұлттық валюта-теңгенің 30 жылдығына орай «ТҰҒЫРЫ БИІК ТӨЛ ТЕҢГЕ » Республикалық байқауының, «СУРЕТШІ ТЕҢГЕ-БЕК» сурет салу аталымы бойынша бөбекжайымыздың тәрбиеленушілері байқауға қатысты.