12.12-14.12.2023ж. аралығында бөбекжайымызда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында ортаңғы, ересек, мектепалды топтарында тақырыптық оқу іс-әрекеттері өтті.
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Бүлдіршіндердің тілдік, сөздік қорын байыту. Мақал-мәтел, тақпақтар арқылы ой- өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.