Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

29.01.2024ж. Бөбекжайымызда «Қызықты дидактикалық ойындар» көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: педагогтердің белсенділігіне қозғау салатын ақпараттық орта қалыптастыру, әдістемелік қызметте жаңашылдықты анықтау, әріптестік тәжірибе алмасу.
Дидактикалық ойындардың мазмұны мен сапасы заманауи талапқа, эстетикалық талапқа сай жасалған. Оқу іс-әрекеттерінде жаңа тақырыпты игеруге мүмкіндік беретін ең қажеттісі де осы дидактикалық ойындар.
Әр оқу іс-әрекетінің ерекшелігіне қарай жасалған дидактикалық ойындар көрмесіне қатысқан педагогтерге тәжірибе алмасуға үлкен көмек болды.