Ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапарында Ақтау қаласындағы бірқатар білім беру ұйымдарын аралады.
Осыған орай, іс-сапар аясында №61 «Сұлтан» бөбекжайына келіп, бөбекжай ғимаратында педагогикалық ұжыммен кездесу ұйымдастырып, мектеп пен бөбекжай арасындағы сабақтастық бойынша жасалып жатқан іс-шаралармен танысып өзекті мәселелерге тоқталды.
Бөбекжайымыздың педагогтері тарапынан, тәрбиешілер Э.Д.Момынова, Г.А.Олжабай «Дидактикалық материалдар» көрмесін дайындады. Бейнелеу өнері маманы М.Н.Садыбекова «Өнер көзі-халықта» шебер-сынып, қазақ тілі маманы А.К.Туметова «Ұшқыр ой алаңы» зияткерлік ойынын, №61 «Сұлтан» бөбекжайы» және А.Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектептің педагогтері бірігіп «Мектепке дейінгі ұйым және мектеп арасындағы сабақтастықты нығайту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында мектепалды тобының тәрбиешісі Р.Э.Коптлеуова мектепке дейінгі ұйымның мектепалды тобы бойынша жеке даму картасын толтыру, 2024-2025 оқу жылындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру бойынша бастапқы, аралық мониторингті толтыруы бойынша түсіндіріп өтті.
«Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде толтыру үшін мектепалды жасындағы бала дамуының жеке картасының ерекшеліктері туралы айтылып, қорытындыланды.
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі