Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2025 жылдың мамыр айының 22-23 күндері бөбекжайымыздың мектепалды топтарының бүлдіршіндеріне қоштасу ертеңгіліктері өтті.
Мерекеге көптеген кейіпкерлер келіп, балалармен ойын ойнап, би билеп, ән шырқап, түрлі тапсырмаларды орындады. Кіші топ бүлдіршіндері келіп түлектерді құттықтап, тілектерін тіледі. Балалар қоштасу вальсін билеп, бөбекжай қызметкерлеріне алғыстарын айтты. Ата-аналар да өз тарапынан бөбекжай ұжымына жақсы тілектерін айтып, алғыс білдірді.
№61 «Сұлтан» бөбекжай түлектеріне ашық аспан, жарқын болашақ, үлкен жетістіктер мен сәттіліктер тілейміз. Мектепте алғыр, үздік болып, биіктерді бағындыратын ұл, қыздар болыңыздар.
Қанаттарың талмасын! Ақ жол!

#қошболбалабақша
#жолкартасыақтау
#Ұлттыққұндылықтар
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#оқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқалалықбілімбөлімі