Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

19.03.2024ж. Ұлыстың ұлы күні — 22 наурыз мерекесіне орай, бөбекжай қызметкерлері арасында қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында «Қош келдің, әз Наурыз» мерекелік шара өткізілді.
Шарада бөбекжай қызметкерлері салт-дәстүрлерді көрсетіп, әртүрлі номинациялармен марапатталды.
Сонымен қатар әжелер, келіндер, бұрымды қыздарымыз ұлттық киім сән үлгісін көрсетіп, «Дана әже», «Ибалы келін», «Бұрымды ару» «Көрермен көзайымы» номинацияларына ие болды.

Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті — Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

#Наурызнама
#Біртұтас_тәрбие
#Маңғыстауоблысыбілімбасқармасы
#оқуәдістемелікорталығы
#қалалықбілімбөлімі
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау