Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

№61 «Сұлтан» бөбекжайында 26.08-29.08.2024ж. аралығында жазғы сауықтыру -шынықтыру шаралары жоспарындағы кезекті іс-әрекет «Қош бол, жарқын жаз!» апталығы.
Мақсаты: Жаз мезгілінің ерекшеліктерімен құбылыстары туралы әңгімелесу. Сауықтыру-шынықтыру шараларын орындау арқылы ептілікке баулу. Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, татулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Жаз балаларға серуендеуге, жүгіруге және секіруге болатын таңғажайып және құнарлы уақыт. Дәл осы кезеңде олар ашық ауада көп уақыт өткізеді. Бөбекжайымызда барлық топтарда «Қош бол, жарқын жаз» апталығына байланысты таза ауада сауықтыру шаралары өтті.