2024 жылдың мамыр айының 23-24 күндері бөбекжайымыздың мектепалды топтарының бүлдіршіндеріне қоштасу ертеңгіліктері өтті.
Мерекеге көптеген кейіпкерлер келіп, балалармен ойын ойнап, би билеп, ән шарқап, түрлі тапсырмаларды орындады. Кіші топ бүлдіршіндері келіп түлектерді құттықтап, тілектерін тіледі. Балалар қоштасу вальсін билеп, бөбекжай қызметкерлеріне алғыстарын айтты. Ата-аналар да өз тарапынан бөбекжай ұжымына жақсы тілектерін айтып, алғыс білдірді.
№61 «Сұлтан» бөбекжай түлектеріне ашық аспан, жарқын болашақ, мектепте алғыр, үздік болып, биіктерді бағындыратын ұл, қыздар болыңыздар.
Үлкен жетістіктер мен сәттіліктер тілейміз!
Қанаттарың талмасын! Ақ жол!
«Қош бол, балабақша!» ертеңгіліктері өтті
