Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

29.05.2025ж. №10 «Ақбұлақ» ересек тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралар кестесіне сәйкес тәрбиеші Әбилова Айдана Серікқызы балалармен маңызды әрі тәрбиелік мәні зор тақырыпта – «Қоғамдық орындардағы және көліктегі мінез-құлық қағидалары» бойынша танымдық іс-әрекет ұйымдастырды.
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында тәрбиеленушілер қоғамдық орындарда өзін-өзі дұрыс ұстау, үлкендерге құрмет көрсету, көлік ішінде ережелерді сақтау, қауіпсіздік талаптарын білу секілді маңызды тәртіп ережелерімен танысты. Балалар түрлі жағдаяттарды талқылап, білімдерін бекітті.
Іс-әрекет балалардың әдептілік, жинақылық, жауапкершілік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға және қоғамдық ортада қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын дамытуға бағытталды.
Мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар балалардың күнделікті өмірде өздерін дұрыс ұстап, қауіпсіздікті сақтауға үйренуіне үлкен септігін тигізеді.

#жекеқауіпсіздік
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі