18.12.2024ж. №6 «Ақжелкен» ересек тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары кестесіне сәйкес «Қоғамдық орындардағы және көліктегі мінез-құлық қағидалары» тақырыбында балалармен әңгімелесу, түсіндіру, жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: балаларға саябақтар, кинотеатрлар, ойын алаңдары сияқты қоғамдық орындардағы және қоғамдық көліктегі негізгі қауіпсіздік қағидаларын үйрету.
Тәрбиеші Р.Э.Коптлеуова саябақтар мен ойын алаңдарында ешқашан ата-ана мен үлкендерден алыс кетпеу туралы, егер адасып қалса, тұрған жерде қалып, көмекке шақыру, сынған әткеншектерде немесе басқа қауіпті жерлерде ойнамау, кинотеатрлар мен сауда орталықтарында әрқашан үлкен адамның қолынан ұстау, бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, егер біреу шақырса, дереу үлкендерге айту керектігін балаларға түсіндірді, қоғамдық орындардағы мінез-құлық қағидаларымен таныстырды.
Көлік (автобус) жүрген кезде тұтқалардан ұстау керек, терезеден еңкеймеу керек, салонда жүгіруге болмайтынын, тек ересек адаммен бірге кіріп-шығу туралы айтып, қоғамдық көліктегі мінез-құлық қағидаларын түсіндірді және балалар сюжеттік-рөлдік ойынын ойнады.
Тәрбиеші: Коптлеуова Рухия Эсенгельдиевна