«Қауіпсіз жаз» апталығы аясында кіші, ортаңғы, ересек топтарында «Қауіпті заттар мен құралдар», «Бағдаршам күні» т.б тақырыптарында ұйымдастырылған іс-әрекеттер өтті.
Мақсаты: балаларға тұрмыста кездесетін қауіпті заттар мен құралдардың түрлерін таныстырып, олардан сақтану жолдарын үйрету, қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға баулу.
Тәрбиешілер балаларға қауіпті заттар туралы жан-жақты түсіндіріп, олардың не себепті қауіпті екенін айтты. Одан кейін балалармен сюжетті-рөлдік ойын ұйымдастырылып, өз рөлдері арқылы қауіпсіздік ережелерін тәжірибе жүзінде бекітті. Балалар белсенділік танытып, пайдалы мәліметтер алды.
«Қауіпсіз жаз» апталығы
