Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

25.02.2025ж. №11 «Қызғалдақ» мад тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары кестесіне сәйкес «Қауіпсіз аттрациондар, ойын-сауық саябағында қалай әрекет ету керек?» тақырыбында балалармен әңгімелесу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: жазатайым оқиғалар мен жарақаттануды болдырмау мақсатында балаларға аттракциондар мен ойын-сауық  саябағындағы қауіпсіз мінез-құлықтың қағидаларын үйрету.
Гүлнұр Амантайқызы аттракциондардағы қауіпсіздіктің маңыздылығы туралы әңгімелесіп, аттракциондардағы қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын талқылады.
📌Жас пен бой шектеулерін сақтау.
📌Әрқашан қауіпсіздік белбеулерін тағу. Көптеген аттракциондардың қауіпсіздік белбеулері бар екенін және оларды міндетті түрде тағу керектігін түсіндірді.
📌Аттракцион операторының нұсқауларын орындау.
 📌Қолдарың мен аяқтарыңды аттракционның ішінде ұстау.
Көптеген аттракциондарда орындықтан қолдар мен аяқтарды шығаруға болмайтынын түсіндірді.
📌Толық тоқтағанша аттракционнан түспеу. Әрқашан аттракцион толық тоқтағанын, оператордың рұқсатын күту керек екенін түсіндірді.
Тәрбиеші балаларды аттракциондардағы мінез-құлықтың негізгі қағидаларымен таныстырып оқу іс-әрекетін видео арқылы қорытындылады.

Тәрбиеші: Олжабай Гүлнұр Амантайқызы

#жекеқауіпсіздік
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі