15.11.2023ж. ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі және №32 «Ақшағала» бөбекжайы мен №61 «Сұлтан» бөбекжайы арасындағы педагогикалық практиканы ұйымдастыру және базалық мекемелермен байланыс жұмыстарының 2023-2024 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес бірлескен «Мектепке дейінгі ұйым мен колледж арасындағы сабақтастықты нығайту» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты:
Мектепке дейінгі ұйым мен колледж арасындағы сабақтастықты нығайта отырып, тәрбиеші мамандығының негізгі тенденцияларын, яғни үздіксіз білім беруге көшу, білім берудің ашықтығы, актуальдандырылуы, іргелі білім беру, білімді ізгілендіру және білім берудегі инновацияны жетілдіру. Мектепке дейінгі ұйымының болашақ педагогтерінің кәсіби-педагогикалық дайындықтарын дамыту, педагогикалық-психологиялық шеберліктерін қалыптастыру.
Семинар барысында логопед маманы Кумисбаева Нуржайна Сансызбаевна және №32 «Ақ шағала» бөбекжайының логопед маманы Жарысқызы Алтынай мен бірігіп «Тілұстарту ойындары» шебер сынып, №61 «Сұлтан» бөбекжайының бейнелеу өнер маманы Садыбекова Майра Нұрланқызы мен
№32 «Ақ шағала» бөбекжайының бейнелеу өнер маманы Тулеуова Нурзада Тлепкалиевна бірігіп «Аяулы күз, Алтын күз» тақырыбында шебер сынып көрсетіп тәжірибелерімен бөлісті. Бөбекжай тәрбиешілері Сарсенова Сауле Манарбековна, Мұғазенова Айдана Еркінқызы «Қызықты дидактикалық ойындар» тақырыбында көрме ұйымдастырып, «Жақсы көңіл-күй жанға қуат» тақырыбында психологиялық тренингті бөбекжайымыздың психологы Батырбаева Жайна Болатқызы және әдіскер Жулдызбаева Асем Аминовна өткізді.
Барлық педагогтер коммуникативтілік, креативтілік, сыни ойлау, ынтымақтастық және білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.
Семинар соңында педагогтер пікір алмасты. Қатысушылар бөбекжай директорларына, ұжымға алғыс айтып, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.