«Отбасында баланы еңбекке баулу»
Консультациялық пункттің жұмыс жоспары аясында №10 «Ақбұлақ» ересек тобының тәрбиешісі Әбилова Айдана Серікқызы ата-аналармен маңызды тақырыпта кеңес өткізіп, еркін әңгімелесу жүргізді.
Кездесу барысында баланы еңбекке баулудың маңыздылығы, күнделікті тұрмыстағы қарапайым еңбек түрлері арқылы жауапкершілікке, тәртіпке және төзімділікке тәрбиелеу жолдары кеңінен талқыланды. Ата-аналар бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақша арасындағы өзара ынтымақтастықтың рөлі туралы құнды мәліметтер алды.