2024 жылдың 22мамыр күні Қолайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету үшін ата-аналар мен тәрбиешілер арасындағы тығыз қарым-қатынасты арттыру, ата-аналардың еріктілік қызметін ұйымдастыру, кәсіби дағдылары немесе хоббиімен бөлісу мақсатында Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Балажан: ата-аналардың еріктілік қызметі» науқанының іс-шаралар жоспарына сәйкес, №61 «Сұлтан» бөбекжай тәрбиеленушісі Тойлыбай Раянаның әкесі Нуров Толыбек Тойлыбайұлы, өзінің қызметтік жұмыс орнына «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне» және анасы Тұрғанбаева Гүлмира Саинқызы өзінің жұмыс орнына “ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Ақтау қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесіне №5 «Түймедақ» ортаңғы тобының тәрбиеленушілеріне саяхат ұйымдастырды.
Саяхат барысында балаларға өрт техникалары, өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерін көрсетіп таныстырды. Оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын, сонымен қатар оның тілсіз жау екендігін, балаларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б. қатерлі заттардан аулақ болуға балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру керек екенін түсіндірді.
Балалар саяхаттан ерекше әсер алды.
«Ата -аналардың еріктілік қызметі» науқанына қатысқаны және бірлескен ынтымақтастығы үшін Раянаның ата-анасына алғыс айтамыз!
#балажан
#жолкартасыақтау
#оқуәдістемелікорталығы
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Ұлттыққұндылықтар
#Ақтауқалалықбілімбөлімі
#ұлттықбаяндамамаңғыстау