Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

27 маусым күні №61 «Сұлтан» бөбекжайында «Қауіпсіз жаз» апталығының қорытынды мерекелік ойын-сауық шарасы ұйымдастырылды. Тақырыбы: «Өрт — дос емес!»
Бөбекжай ауласында өткен бұл қызықты ойын-сауыққа балалар ерекше көңіл-күймен қатысты. Шара барысында балалар екі топқа бөлініп, түрлі жарыс ойындарын ойнады. Атап айтқанда, «Өрт сөндіру», «Кейіпкерлерді құтқару», «Су шашу» сияқты ойындар балалардың белсенділігін арттырып, қызығушылықтарын оятты. Мерекеге сайқымазақтар Күлдірген мен Бүлдірген арнайы келіп, балалармен көңілді ойындар ойнап, оларды шаттыққа бөледі. Сонымен қатар, шара барысында өрт сөндірушілер келіп, балалармен кездесіп, қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Балалар оларды қызығушылықпен тыңдап, арнайы дайындалған «Құтқарушылар» биін тарту етті. Ортаңғы топтың тәрбиеленушілері ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті. Ойын-сауық шарасы көтеріңкі көңіл-күймен, мазмұнды әрі қызықты өтті. Балалар әрі ойнап, әрі өрт қауіпсіздігі жайлы маңызды мағлұмат алды.

#жазғысауықтыру
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлім