20.03.2025ж. Ұлыстың ұлы күні — 22 наурыз мерекесіне орай, бөбекжай қызметкерлері арасында отбасы құндылықтарды насихаттау, қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында «Өнегелі келін» бөбекжайішілік байқауы өткізілді.
Байқауға үш тәрбиеші Абилова Айдана Серікқызы, Өтегенқызы Гүлмира, Тасболатова Жараскан Куанткановна және екі тәрбиешінің көмекшілері Султанова Айнур Нургельдиевна, Махсудова Кундызай Жалгасовна қатысты.
Байқау «Сәлем-сөздің анасы», «Білгенге маржан», «Салт-дәстүрім салтанатым», «Өнерлі келін-өрге жүзер» атты бөлімдерден тұрды. Қатысушылар өзара сыңға түсті. Олар ұлттық құндылықтарымызды дәріптіп, салт-дәстүрлерді көрсетіп, сұрақтарға жауап беріп, өнерлерін көрсетті.
Байқау соңында жеңімпаздар марапатталды.
🥇 орын Абилова Айдана Серікқызы
🥈орын Өтегегқызы Гүлмира, Тасболатова Жараскан Куанткановна.
🥉орын Султанова Айнур Нургельдиевна, Махсудова Кундызай Жалгасовна.
Қатысушыларды жүлделі орындармен құттықтаймыз!
Мерекелік шара соңында бөбекжай басшысы Тыныштык Калниязовна қызметкерлерді Ұлыстың ұлы күні — 22 наурыз мерекесімен құттықтап, «Ең үздік ұлттық киім» номинациясымен Боранбаева Аққу Есмурзаевнаны, «Салт дәстүр-асыл қазынам» атты мерекелік шараға белсенді қатысқан қызметкерлерді дипломмен марапаттады.
Құттықтаймыз!
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі