Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2025 жылдың маусым айының 13 күні №61 «Сұлтан» бөбекжайының ұйымдастыруымен, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты курс тыңдаушыларына «Бастауыш мектептермен сабақтастықты тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтерін кәсіби дамыту» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған көшпелі тәжірибелік сабақ өткізді.
Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыра отырып, бастауыш сыныппен сабақтастықтағы тиімді әдістерді меңгерту, бала дамуының жаңа кезеңіне дайындықты күшейту.
Тәжірибелік сабаққа Өрлеу БАҰО Маңғыстау филиалының оқытушысы Жұмабаева Ақбілек Қошқарбаевна және облыстық мектепке дейінгі ұйым педагогтері қатысты. Бөбекжай директоры Балмагамбетова Т.К. тәжірибелік сабақты ашып, бағдарламасымен таныстырды.
📌Тәжірибелік бөлімінде тәрбиешілер Кансултанова Н.Х., Сарсенова С.М., Куаналиева Т.У. «Ұлттық құндылықтар байлықтарымыз» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс – әрекет өткізді.
📌Бөбекжай педагог-психологы Нұрмұханбетова А.Т. «Жақсы көңіл-күй-жан азығы» атты тренингін ұйымдастырды.
📌Тәрбиешілер Жанабаева К.А., Жұбандықова Ә.Н., Алхамова А.Н., Өтегенқызы Г., Коптлеуова Р.Э., Момынова Э.Д. Нұрмұханбетова А.Т. «Қәсіби құзыреттілік-нәтижелі білім берудің негізі» тақырыбында шебер-сынып өткізді.
📌Семинар соңында тәрбиеленушілердің қатысуымен әсерлі музыкалық бағдарлама өтті. Балалар ән шырқап, би билеп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Тәрбиеші Дәуітқызы Арайлым Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия» өлеңін тебіреніспен оқыса, музыка жетекшісі Кульсариева Г.О. мен дене тәрбиесі нұсқаушысы Боранбаева А.Е. бірігіп «Туған жер» әнін орындады. Тәрбиешілер «Қасиетті Қазақстан» әнін шырқап, мерекелік көңіл-күйді жалғастырды. Музыка жетекшісі курс тыңдаушыларына аспаптарда ойнауды үйретіп, оларды белсенді түрде қатыстырып, ерекше әсер қалдырды.
📌Бөбекжайдағы ұйымдастырылған көшпелі тәжірибелік сабақ жоғары деңгейде өтті. Педагогтер мен курс тыңдаушылары тәжірибе алмасып, тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті. Шара барысында мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың маңыздылығы кеңінен талқыланып, кәсіби дамуға мол мүмкіндік берілді. Қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, алғыстар айтылды.