Бөбекжайымызда 2025 жылдың ақпан айының 7 күні, ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған қазақ тілі маманы Туметова Акпанар Кушербаевнаның ұйымдастыруымен «Сәби болғым келеді…» атты поэзиялық кеші өтті.
Кештің мақсаты — ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік назарына ұсыну. Кеш барысында өнерлі педагогтеріміз өз шығармашылығымен көрермендердің ерекше ықыласына бөленіп, ақынның әсем әндері мен сыршыл поэзиясын тарту етті. Педагогтер «Есіңе мені алғайсың», «Туған өлкем», «Ғашықпын», «Бақыт деген» әндерін тамылжыта орындаса, бөбекжай тәрбиеленушілері «Сен Отан», «Наурыз айы туғанда», «Үш бақытым», «Бәсіре» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Шара соңында қатысушыларға диплом табысталды.
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған кеш өтті
