11.12.2023ж. Бөбекжайымызда 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған жұмыс жоспары бойынша,
«Менің Отаным- Қазақстан» тақырыбында қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балалар бойында ұлтжандылық сезімдерін қалыптастырып, туған елге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылығын дамыту.
Балалар туған елге, туған жерге деген патриоттық сезімдерін өз шығармалары арқылы жеткізе білді.
Құрметті №61 «Сұлтан» бөбекжайының ата -аналары!
Тәуелсіздік күніне арналған макеттер жасап, суреттер салып, көрмеге атсалысып, жауапкершілік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-ынтымақ тілейміз. Еліміздің туы көкте қалықтасын, қазақ елі көркейе берсін!
Мереке құтты болсын!