11.12.2024 ж. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп базасында «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру мақсатында, Ақтау қаласының жол картасы негізінде, үштік одақ арасында әлеуметтік-серіктестік жұмыстарының жоспары бойынша, «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты:
•Әрбір адамның мамандық таңдаудағы өзіндік көзқарасын, құндылықтарын айқындау.
•Таңдаған мамандықтарының терең қырларын ұғыну.
• Мамандық таңдаудың маңыздылығын түсініп, оған қалай саналы түрде қарау керектігін талқылау.
Дөңгелек үстел барысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектебінің МАД сыныбының мұғалімдері Жұмабай Керімбала «Ұстаз деген – ұлы есім» атты шебер-сынып, көрме;
Ауезалиева Лаура Бакытжановна «Ойын арқылы баланың ой өрісін дамыту» тақырыбында ойын-сабақ, бастауыш сынып мұғалімі Тайшиева Жанат Айбаровна «Цифрлық білім берудегі озық технологияларды қолдану» тақырыбында зияткерлік сабақ өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, №32 «Ақшағала» бөбекжайының тәрбиешісі Демешова Алия Айтбаевна «Менің көңіл-күйім» атты тренингін ұйымдастырып, №61 «Сұлтан» бөбекжайының мектепалды тобының тәрбиешісі Зейноллаева Гаухар Зейноллақызы «Тәрбиеші мамандығының қоғамдағы рөлі» бойынша тәрбиеші туралы, тәрбиешінің жұмысы туралы баяндап, видеоролигін көрсетті. «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің педагог-психолог маманы Көшербаева Гүлназ «Жақсы көңіл-күй — жан азығы» атты тренингін ұйымдастырып, Базарбаева Жадыра «Болашақ» колледжінің әдіскері «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында баяндама оқып өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Дөңгелек үстелдің қорытындылау кезеңінде жұмыстар талқыланып, қатысушылар өз ойларымен пікір алмасып, қорытындыланды.
«Мен таңдаған мамандық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
