29.11.2024 жылы №61 «Сұлтан» бөбекжай базасында «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру мақсатында, Ақтау қаласының жол картасы негізінде, үштік одақ арасында әлеуметтік-серіктестік жұмыстарының жоспары бойынша, «Мектепке дейінгі ұйым және колледж арасындағы сабақтастықты нығайту» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинар-практикумға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектептің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бектилеуова Зауре Кузенбаевна мен бастауыш сынып мұғалімдері және №32 «Ақшағала» бөбекжайының бейнелеу өнері маманы қатысты.
Мақсаты: Бөбекжай және мектепалды даярлық сыныбына мектептегі оқу іс-әрекетін оқытудың әр түрлі сатысында балалардың білімдерінің арасында қажетті байланыстар мен қатынастар орнату. Балалар білім икемдігі мен машықтарын пайдалану және одан әрі дамыту кезінде олардың оқу іс-әрекетінде әр алуан байланыстар орнату, жаңа білім мен бұрынғы білімді өзара байланыстыру. Сонымен бірге, білімді кеңейту мен тереңдету, сөздік қорларын байыту.
Семинарды тәрбиеші Н.Х.Кансултанова «Жақсы көңіл-күй-жан азығы» атты тренингімен бастады. №61 «Сұлтан» бөбекжайының қазақ тілі маманы Туметова Акпанар Кушербаевна «Ұшқыр ой алаңы» атты зияткерлік ойынын өткізді. Сонымен қатар, №32 «Ақшағала» бөбекжайының бейнелеу өнері маманы Тулеуова Нурзада Тилепкалиевна «Қолөнер халық қазынасы» тақырыбында шебер-сынып ұйымдастырды. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жунисалиева Зарина Жанибековна және №61 «Сұлтан» бөбекжайының мектепалды тобының тәрбиешісі Олжабай Гүлнұр Амантайқызы «Қызықты ойындар» атты көрмесін, өз тәжірибелерінде қолданатын дидактикалық ойындар материалдарын және жұмыстарын презентация жасап тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың қорытындылау кезеңінде қатысушылар өз ойларымен пікір алмасты.
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі