04.12.2024ж. №2 жалпы білім беретін мектепте «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын жүзеге асыру аясында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін жаңарту: жаңа бағыт, жаңа көзқарас» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қалалық форумы өтті.
Форум барысында 2023-2024 оқу жылының қорытындысы негізінде білім беру саласындағы үздік педагогтер мен ұйымдар марапатталып, №61 «Сұлтан» бөбекжайы, мектепке дейінгі мекемелер арасында іс-тәжірибелерімен бөліскені үшін, үздік жетістіктер көрсеткені үшін «Үздік спикерлер құрамы» номинациясына ие болды.
№61 «Сұлтан» бөбекжай ұжымын құттықтай отырып, денсаулық, шығармашылық табыстар мен сәттілік тілейміз!
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі