Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Мектепке дейінгі бала тәрбиесіне арналған ұлттық ойындар»
Консультациялық пункттің жұмыс жоспары аясында дене тәрбиесі нұсқаушысы Боранбаева Акку Есмурзаевна ата-аналарға ұлттық тәрбие құндылықтарын насихаттау мақсатында кеңес өткізді.
Кездесу барысында мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде ұлттық ойындардың маңыздылығы, олардың баланың дене дамуына, ой-санасына және мінез-құлқына оң әсері туралы айтылды. Сонымен қатар, ата-аналарға дәстүрлі ұлттық ойын түрлері таныстырылып, тәжірибе ретінде бірқатар ойындар ойнатылып көрсетілді.
Іс-шара ата-аналарға пайдалы мағлұмат беріп қана қоймай, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттырды.

#консультациялықпункт
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлім