Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 28 сәуір күні мектепалды тобы ата-аналарымен «Мектеп жасына дейінгі баланы оқуға қалай қызықтыру керек?» тақырыбында кеңес беру жұмысы жүргізілді. Әдіскерлер Турниязова М.Б., Жулдызбаева А.А. ата-аналарға баланың оқу дағдысын ойын арқылы дамыту, ынталандыру, үйде жағымды оқу ортасын қалыптастыру бойынша пайдалы кеңестер берді.
Кездесу барысында ата-аналарға арнайы сауалнама таратылып, олардың пікірлері мен ұсыныстары жинақталды. Ата-аналар белсенділік танытып, баланың қызығушылығын арттыру жолдарына үлкен қызығушылық білдірді.