Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін бірыңғай білім мен тәрбие кеңістігін қалыптастыру мақсатында «Мектеп пен мектепке дейінгі ұйымдары арасында сабақтастық» тақырыбында №61 «Сұлтан» бөбекжай базасында, №28 жалпы білім беретін орта мектеппен біріккен облыстық семинар өтті.
Семинарға аудан, қала мектептерінен 30 мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қатысты.
Семинарды Маңғыстау облысы Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімінің бөлім жетекшісі Иманкулова Мәншук Жақсыбекқызы және №61 «Сұлтан» бөбекжайының директоры Балмагамбетова Тыныштык Калниязовна ашып беріп, қатысушы спикерлерге сәттілік тіледі.
✅️ Семинар бағдарламасы бойынша «Баланы ойын өсіреді» тақырыбында №61 «Сұлтан» бөбекжай тәрбиешілері Жалгасова Кундыз Женгисовна, Сарсенова Сауле Манарбековна және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектептің, бастауыш сынып мұғалімі Хасен Айгерім Сайнқызы бірігіп шебер-сынып өткізді.
✅️ Тәрбиешілер Юсупова Менсулу Атабаевна, Кансултанова Нуржамал Хидерхожаевна, Өтегенқызы Гүлмира және бейнелеу өнері маманы
Садыбекова Майра Нұрланқызы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жунусалиева Зарина Жанибековнамен бірігіп «Әжемнің ауылындағы ойындар» тақырыбында мектепалды топпен кешенді іс-әрекет көрсетті.
✅️ Бөбекжайымыздың ән-саз жетекшісі Кульсариева Гульнара Орыновна және тәрбиеші Әбилова Айдана Серікқызы «Туған өлкем-қандай көркем» атты мерекелік шара ұйымдастырды.
Семинар соңында кері байланыс жасалды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ризашылықтарын білдірді.
Спикерлерге іс-тәжірибелерімен бөліскені үшін Білім берудің оқу әдістемелік орталығының сертификаттары табысталды.
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі