Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ағымдағы жылдың 27 наурызында,№61 «Сұлтан» бөбекжайында «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру мақсатында, Ақтау қаласының жол картасының іс-шаралар жоспары аясында, жалпы білім беретін №28 орта мектептің педагогтерімен бірігіп кездесу, «Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Сабақтастық мақсаты: екі буын арасында тығыз байланыс жасай отырып, баланы жүйелі сатылы дамыту.
Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің ерекшеліктерін анықтау.
Тәрбие мен білім беру мазмұнын тиімді әдіс –тәсілдерді қолдана отырып, мектептің бастауыш сынып мұғалімдері мен бөбекжай тәрбиешілерінің әдістемелік өзара әрекеттестігін сан алуан формалары арқылы жүзеге асыру.

Дөңгелек үстел барысында мектепке дейінгі жастағы балалардың жеке өсуін есепке алу үшін баланың жеке даму картасы жүргізілетіні, дұрыс толтыру жолдарын, жеке даму картасы баланың жетістіктерінің нәтижелерін бақылауға мүмкіндік беретіні, бастауыш сыныптың жеке даму карталарының балабақшамен айырмашылығы жоқтығы туралы, балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің негізгі тәсілдері туралы және екі ұйым арасындағы әрекет туралы талқыланды.

Тәрбиешілер және бастауыш сынып ұстаздарының ортақ қөзқарастары жетерлік. Балабақша мен мектеп үнемі тығыз байланыс жасағанда ғана жақсы бір нәтижеге жетуге болады. Бұдан педагогтар ғана емес, бастысы балалар үлкен жетістікке жетері сөзсіз.
Дөңгелек үстелге бөбекжай тәрбиешілері және мамандары, әдіскер және №28 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Сәдуақас Әсия, Жұмабай Керімбала қатысты.

#Біртұтас_тәрбие
#Маңғыстауоблысыбілімбасқармасы
#оқуәдістемелікорталығы
#қалалықбілімбөлімі
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау