Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні №28 «Балдәурен» бөбекжай базасында «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша Ақтау қаласының жол картасы аясында құзіреттілік орталықтармен бір тұтас тәрбие бағдарламасы бағытында «Мектеп дейінгі балаларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің тиімді әдістері» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында спикер №61 «Сұлтан» бөбекжайының тәрбиешісі Дәуітқызы Арайлым және И.У.Бекбаева, М.Б.Муналова, Г.Ж.Изгалиева тәрбиешілерімен бірлескен «Ұлттық құндылықтарды дәріптеу» тақырыбында №11 «Бәйтерек» мектепалды тобында ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.

#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі