2024 жылдың 24 мамыр күні
«Балажан: ата-аналардың еріктілік қызметі» науқанының іс-шаралар жоспарына сәйкес, №61 «Сұлтан» бөбекжайының тәрбиеленушісі Қажымұқан Айханымның анасы Рахметова Майра Сакенқызы қызметтік орнына «Мансия» тігін шеберханасына өзінің кәсіби дағдылары немесе хоббиімен бөлісу, қолайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету, ата-аналар мен педагогтар арасындағы тығыз өзара іс-қимылды жандандыру мақсатында №4 «Ақбота» ортаңғы тобының тәрбиеленушілеріне
саяхат ұйымдастырды.
Майра Сакенқызы өз қолымен тігілген қазақи нақыштағы әдемі көйлектерін, кажекейлерін, әртүрлі бұйымдарын көрсетіп, оюдың атауларымен, көйлектің тігілу жолдарын көрсетіп кәсіби дағдысымен бөлісті.
«Ата -аналардың еріктілік қызметі» науқанына жеке қатысқаны және бірлескен ынтымақтастығы үшін Майра Сакенқызына алғыс айтамыз!
#балажан
#жолкартасыақтау
#оқуәдістемелікорталығы
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Ұлттыққұндылықтар
#Ақтауқалалықбілімбөлімі
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
@mansiya_bekkhozhina_brand