Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Желтоқсан айының 15 жұлдызында бөбекжайымыздың бүлдіршіндерінің арасында, «Менің Отаным — Қазақстан» тақырыбында патриоттық өлеңдер, мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға бөбекжайымыздың ересек, мектепалды даярлық топтары қатысты.
Мақсаты: Бүлдіршіндердің туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілігін ояту, Отанды құрметтеуге шақыру, патриоттық тәрбие беру. Ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, өлеңді қазақ тілінде жатқа айту арқылы тіл байлығын арттыру.

Байқауды әділқазылар алқасы бағалау арқылы, жеңімпаздар анықталып, жүлделі орын дипломдар және номинациялармен марапатталды.
Бүлдіршіндерімізді құттықтаймыз!