№61 «Сұлтан» бөбекжайында жыл сайын күз мезгілінде дәстүрлі түрде балалар шығармашылығын шыңдау, сонымен қатар ата-аналарды бөбекжайдағы тәрбие үрдісіне тарту мақсатында табиғи материалдардан, күзгі жапырақ, жеміс-жидектерден, көкөністерден, дәнді дақылдардан дайындаған шығармашылық «КҮЗ СЫЙЫ» атты балалар қолөнерінің көрмесі өтті.
Табиғи материалмен жұмыс жасау баланың табиғатпен жақындасуына, оған үлкен қамқорлық қарым-қатынас жасауға үлкен мүмкіндік береді. Табиғи материалмен және баланың ақыл -ой дамуына, оның ойлау қабілетін дамытуға, еңбек дағдыларын қалыптастыруға үлкен әсер етеді.
Балалар өз жұмыстарында әртүрлі табиғи материалдарды қолданып, түрлі техникаларда орындап, шығармашылық танытты. Бөбекжай балалары көрмені қызыға тамашалады. Ең үздік жұмыстар «Мадақтама» дипломдарымен марапатталды.
Атсалысып, балалардың дамуына үлес қосып, бөбекжайда ұйымдастырылған іс-шарамызға белсенді қатысқан ата-аналарымызға үлкен алғыс білдіреміз!
#Алтынкүз
#жолкартасыақтау
#Ұлттыққұндылықтар
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#оқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқалалықбілімбөлімі