Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

20.10.2023ж. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жоспары бойынша, аға оқытушы А.Қ.Жұмабаевамен бірлесіп, курстық оқу бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында «Мектепалды даярлық топтарында/сыныптарында тәрбие- білім беру процесін ұйымдастыру» — тақырыбында №61 «Сұлтан» бөбекжайында көшпелі тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды. Бөбекжай директоры Т.Балмагамбетова тыңдаушыларды балабақша жұмысымен таныстырып, ұйымдастырылған іс-әрекеттерге тоқталды. Бөбекжайдың №10 «Ақбұлақ» мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Э.Туржанова «Мамандықтар әлемі» кешенді іс-әрекетін көрсетті. Ән-саз жетекшілері Г.Кульсариева және Ж.Жаңайқызы «Аспаптар сыр шертеді» музыкалық ойындар тақырыбында қатысушылармен шебер-сынып жүргізді. Бөбекжай психологы Ж.Батырбаева курс тыңдаушыларымен «Жақсы көңіл-күй жан азығы»-тақырыбында тренинг өткізді.
Сонымен қатар, бөбекжай тәрбиешілері Қ.Жанабаева мен Г.Зейноллаева. «Қызықты ойындар» -тақырыбында тәрбиешілердің өз іс-тәжірибесінде қолданып жүрген өз қолдарымен жасаған түрлі ойындар мен құралдардан көрме ұйымдастырды. Курс тыңдаушылары теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, көрсетілген іс-әрекет пен ұйымдастырылған шебер-сыныптардан алған жақсы әсерлерімен бөлісті. Курс жетекшісі Ақбілек Қошқарбаевна №61 «Сұлтан» бөбекжай ұжымына алғыс білдіріп, шығармашылық ізденістер мен табыстар тіледі.